Қазақ файтер әлем чемпионатында қарсыласын ерекше тәсілмен талдырды

Ол жартылай финалға шықты.

Қазақстандық файтер Ерназ Мұсабек Бахрейнде өтіп жатқан ММА-ден әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарыстың 1/2 финалына жолдама үшін Мұсабек жергілікті Мансур Магомедовпен кездесті. Қазақстандық спортшы бірінші раундта-ақ қарсыласын гогоплата әдісіне салды, Магомедов босап шығуға тырысып, Ерназды көтеріп жерге ұрғанымен, ештеңе өндіре алмады. Осылайша, Магомедов есінен танып қалды, ал төреші жекпе-жекті тоқтатты. 



  0