Жеңілмеген UFC файтері Нью-Йоркте ауыр нокаутқа түсті

Жекпе-жек екінші раундтың ортасында аяқталды.

Америкалық файтер Кевин Ли өз отандасы Грегор Гиллеспиді Нью-Йоркте өткен UFC 244 турнирінде нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды "Спорт-Экспресс".

Жекпе-жек екінші раундтың ортасында аяқталды. Ли оң қолымен (оверхенд) жоғарыдан соққы жасап, артынша сол аяғымен (хай-кик) бастан тепті.

27 жастағы Ли 18 рет жеңіске жетіп, 5 рет жеңілген. Ал 32 жастағы Гиллеспи бірінші рет жеңілді, ол осыған дейін 13 кездесуде жеңіске жеткен еді. 

 



  0