"Шапалақпен тартып жібердім...". Диаз Хабиб Нурмагомедовтың екіжүзді екенін айтты

Оқиға 2015 жылы болған екен.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін UFC файтері Нейт Диаз ұйымның чемпионы ресейлік Хабиб Нурмагомедовпен 2015 жылы болған жанжалы туралы айтып берді. 

"Мен мазақ қылып, кеудемшіл адамдардан емеспін. Бұл оқиға болған кезде мен досымның жекпе-жегін тамашалап тұрғанмын. Ал олар топпен суретке түсіп, маған күліп тұрды. Нурмагомедов маған: "не боп қалды, қойсаңшы" деді. Сосын бәрі қайтадан күлді, он екі орыс жігіті. Сол кезде енді маған күлкілі болсын деп бетінен шапалақпен тартып жібердім. Бірақ ол ештеңе істемеді.

Ол кезде ашулы едім, олай істемеуім керек еді, алайда, олар мені мазақ етіп тұрды. Ал енді Хабиб тәртіпті бола қалыпты. Өзіне треш-ток керегі жоқ және сондай бірдеңелерді айтады. Конормен қарсылықта ол құрбан бола қалды", - деп келтіреді Диаздың сөзін BJPenn.


  0