Жалғас Жұмағұловтың дағыстандық файтермен жекпе-жегінен кейінгі жаппай төбелестің видеосы

Қазақ спортшы чемпиондық белбеуін қорғап қалды.

Сочиде өткен аралас жекпе-жектің соңы жаппай төбелеспен аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Чемпионат.com порталына сілтеме жасап.

Оқиға 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде қазақстандық Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Али Багаутинов арасындағы кездесуден соң болған.

"Жекпе-жек Жұмағұловтың жеңісімен аяқталды, төрешілердің шешімі осындай болды. Багаутинов осы шешімге наразылық білдірмек болды, бірақ қос команданың спортшылары бір-біріне жұдырық ала жүгіруден басқа ештеңеге алып келмеді", - делінген хабарламада.



Айта кетейік, 31 жастағы қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов 19 қазанда Сочиде өткен Fight Nights Global 95 турнирінде 34 жастағы ресейлік Али Багаутиновты жеңді.

Жұмағұлов аса жеңіл салмақтағы Fight Night Global чемпионы титулын қорғап қалды. Жекпе-жек бес раундқа созылды. Ұрыс қорытындысы бойынша төрешілердің басым бөлігі жеңісті қазақстандыққа берді. Енді Жұмағұловтың қоржынында 13 жеңіс, үш жеңіліс бар.



Жекпе-жектен кейін Али Багаутинов пен оның командасы апелляция беретінін мәлімдеді. "Айтарға сөзім жоқ. Барлық маман мені жеңді деп айтып жатыр. Бірақ төрешілердің шешімімен дауласпаймын. Командамызбен апелляция береміз.

Менің жекпе-жегім үшін қаншама ақша тігілді. Мүмкін, Жалғасқа жанкүйер болғандар көп ақша жеңіп алған болар. Бұл қаражатты олар қайырымдылыққа, мұқтаж балалар мен науқастарға берсін", - деді Багаутинов.



Жұмағұловтың қарсыласы бұрын UFC белбеуіне үміткер болған. Әлемдегі ең беделді промоутерлік компаниясының аясында Багаутинов жеті жекпе-жек өткізген, олардың төртеуінде жеңіске жетіп, үшеуінде жеңіліс тапты. Ал осы Сочиде өткен жекпе-жектен кейін ресейлік спортшының қоржынында 19 жеңіс пен 7 жеңіліс бар.

Сондай-ақ, Fight Night Global 95 аясында тағы үш қазақстандық спортшы өнер көрсетті. Еркінбек Инжель ресейлік Давид Бархударяннан жеңіліп қалды, ал Нұрбек Қабдрахманов отандасы Федор Бабичті жеңді.


  0