Хабиб Нурмагомедов Атырауға келді

Қалада ММА турнирі өтеді.

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов Атырауға келді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ресейлік файтер бүгін, 27 қыркүйектегі Gorilla Fighting Championship 17 аясында өтетін турнир хедлайнері болады. 

Айта кетейік, мұның алдында Атырауда ММА өнерін сүйетін қауымның кездесуі өткен, соның ішінде балалар Хабибтің әкесі - Абдулманап Нурмагомедовпен жүздесті. Ол Гиннесс рекордтар кітабына түрлі жекпе-жектерде 18 әлем чемпионын тәрбиелеген бапкер ретінде енді. 



Хабиб Нурмагомедов және Қазақстан панкратион федерациясының президенті Сағындык Мекеев
Сурет: Қазақстанның жекпе-жектер қауымдастығы


  0