"Даулы жеңіс". Арман Оспанов ресейлік файтермен "шешуші" жекпе-жекке шығады

Спортшылар салмақ өлшеді.

Қазақстандық файтер Арман Оспанов (9-2) және ресейлік Алексей Полпудников (27-5-1) жекпе-жек алдында салмақ өлшеді. Бұл туралы Absolute Championship Akhmat (ACA) баспасөз қызметі хабарлады.

Оспанов таразыда тура 66 келі көрестті, ал Полпудников 300 грамм жеңіл тартты. Алдағы жекпе-жек қарсыластар арасындағы үшінші: 2013 жылы тамызда қазақ файтер бірінші раундта нокаутпен жеңген, алайда, 2017 жылы қарымтада ресейлік төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Дегенмен бұл шешім даулы болды.

Оспанов - Полпудников жекпе-жегі 27 қыркүйек ACA 99 аясында Мәскеудегі "ВТБ Аренада" өтеді. Турнир Қазақстан астанасының уақытымен 21:00-де басталады.

Соңғы рет Оспанов 25 сәуір Москеуде жұдырықтасып, германиялық Лом-Али Эскиевті (15-4-1) нокаутқа түсірді. Қазақ файтер қарсыласын екінші раундта тізеге салып есінен тандырды. 


  0