"Тарихтағы ең ұлы файтер атану үшін". Менеджер Нурмагомедовтың келесі қарсыласын атады

алайда UFC басшысы өзге қарсыласты таңдаған еді.

Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Адбель-Азиз жеңіл салмақта UFC  чемпионының келесі қарсыласы канадалық Жорж Сен-Пьер болуы мүмкін екенін айтады, - деп хабарлайды "Чемпионат" сайты TMZ басылымына сілтеме жасап.

Мұның алдында UFC президенті Дана Уайт Хабиб пен америкалық Тони Фергюсон арасында жекпе-жек ұйымдастырғысы келетінін айтқан еді.

"Фергюсон не қалайтынына бәрінің түкіргені бар. Менің білуімше, Хабибтің келесі қарсыласы Сен-Пьер болады. Мұны мен қалаймын. Тони қалағанын ала алмайды. Хабибтің қалағаны болады. Маған Сен-Пьермен жұдырықтасқым келеді десе, солай болады. Жорж менің досым, оның бұл жекпе-жекке келісетінін білемін. Бұл тарихтағы ең ұлы файтер атағы үшін жекпе-жек болады", - дейді Абдель-Азиз.

Мұның алдында Нурмагомедов ұйымның екі салмақта бұрынғы чемпионы Сен-Пьермен тек жеңіл дивизионда жұдырықтасуғат дайын екенін айтқан. Мұндай жағдайда бұл кездесуге ресейліктің белбеуі тігіледі.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов Абу-Дабидегі UFC 242 турнирінде өткен соңғы жекпе-жегінде америкалық Дастин Порьені жеңіп, жеңіл салмақта UFC чемпионы титулын қорғап қалды. 


  0