Соққысы жойқын қазақ файтер халықаралық турнирде титулды жекпе-жек өткізеді

Жарыс 30 тамызда.

30 тамызда Орынбор қаласында аралас жекпе-жектен халықаралық М-1 Challenge 104 жарысы өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты титулдық кездесуде Арман Әшімов бразилиялық Флавио Да Сильва Сантоспен айқасатын болады", - дейді Қазақстандағы ММА Аралас жекпе-жек федерациясы баспасөз қызметінің өкілдері.

Бразилиялық файтер кәсіпқой аренада 12 жекпе-жек өткізіп, тоғызында жеңіске жеткен.

Әшімовтың 11 жеңісі бар. Ол ММА әуесқойлары арасында керемет жылдам соққы техникасымен танымал болды. Ең жеңіл салмақта (57 келі) жұдырықтасатын Арман әлемдегі ең қуатты және айқын нокаутерлердің бірі.

Соңғы рет, Әшімов маусым айында ШҚО өткен турнирде моңолиялық спортшыны нокаутқа түсірген. 








  0