"Бұл сынақ". Менеджер Елеусіновке неге қауіпті қарсылас таңдалғанын айтты

Боксшы жаттығу лагерін бастап кетті.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Олимпиада чемпионының Решард Хикске (12-0-1, 6 КО) қарсы он раундтық жекпе-жекке дайындығы жайлы айтып берді.

Жекпе-жек 13 қыркүйек Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасының Hulu Theather залында өтеді.

- Бұл үлкен емес, бірақ, Даниярды өрлететін нық қадам. Бұл сынақ. Осыдан кейін біз айтарлықтай мықты қарсыластар таңдаймыз. Жеңілсе де құламаған боксшылар болады. Ұтылғанымен нокаутқа түспеген. Олар да жақсы қарсылас. Олар мықты проспектілермен жұдырықтасып, жекпе-жек аяқталғанша жұдырықтасқандар. Бұл олардың ауыр қарсылас екенін білдіреді, - дейді Алиев.  

- Дайындық қалай өтіп жатыр? Жоспар қандай?
- Жаттығу лагерін ерте бастадық, тым ерте. Ол екі-үш апта жаттығып жатыр. Аз күнде толыққанды спаррингтер басталады. Жұмыс барысы жақсы. Ол Дерек Сантоспен жаттығуда, ал Марат Елеусінов қадағалап отыр. Бәрі жақсы. Техника, шыдамдылықты арттыру бойынша жаттығып, жеңіл спаррингтер өткізуде. Қарсыластың кім екенін білеміз және осы ақпаратпен жұмыс істеп жатырмыз. Мұның алдында түрлі есімдер аталды, ал қазір бәрі шешілді. 


  0