Әлемнің абсолют чемпионы Головкиннің қазіргі бапкерінен не күтетінін айтты

Боксшылар бапкерлерімен "ауысты".

Жартылай орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы норвегиялық Сесилия Брекхус (35-0, 9 KO) жаңа бапкері Абель Санчестің Калифорниядағы The Summit базасындағы жаттығуларынан алған әсерімен бөлісті.

Брекхус осы кезге дейін өзге америкалық бапкер Джонатан Бэнкспен жаттықан, биыл мамырда Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) керісінше Санчестен кетіп, Бэнкске барған еді. 

"Жаңа бапкерім Абель Санчеспен The Summit базасында өмірімнің жаңа кезеңін бастадым. Джонатан Бэнкс, бәріне рахмет! Сен Геннадий Головкиннің бапкері ретінде биіктерге жететініңді білемін", - деп жазыпты Брекхус әлеуметтік желіде. 



  0