Әлімханұлының әлем чемпионы андеркартындағы жекпе-жегі Қазастанда тікелей көрсетіледі

Қарсылас 27 жеңісі бар боксшы.

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) келесі жекпе-жегін 17 тамызда өткізеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы қазақстандық Лос-Анджелестегі Banc of California Stadium аренасында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Он раундты жекпе-жекте қазақстандықтың қарсыласы 32 жастағы канадалық Стюарт МакЛеллан (27-3-3, 11 КО) болмақ. 

QazSport бұл жекпе-жекті тікелей көрсетеді. Қазақстан уақытымен жекпе-жекті 18 тамыз таңғысын тамашалауға болады.



Бұл шоудың басты жекпе-жегінде екінші ең жеңіл салмақтағы WBO чемпионы мексикалық Эмануэль Наваррете (27-1, 23 КО) мен амеркиалық Франсиско Де Вака (20-0, 6 КО) жұдырықтасады.




  0