Промоутер Головкиннің Сауд Арабиясында жұдырықтасу шартын айтты

GGG рингке қазанда оралады деп күтілуде.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) промоутері Том Леффлер қазақстандық боксшының Сауд Арабиясында жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жайлы пікірі білдірді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

7 желтоқсанда осы елде аса ауыр салмақта WBA (Super), WBO, IBF және IBO чемпионы мексикалық Энди Руис (33-1, 22 КО) және осы белбеулердің бұрынғы иегері британиялық Энтони Джошуа (22-1, 21 КО) арасындағы қарымта өтеді. Түрлі ақпарат бойынша, саудиялықтар промоутер Эдди Хирнге бұл жекпе-жекті елдерінде өткізу үшін 40-тан 100 миллион долларға дейін ұсынған.

Былтыр Сауд Арабиясында екінші орта салмақтағы Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) Каллум Смит пен Джордж Гроувз арасындағы финалды жекпе-жегі өткен.

Леффлердің сөзінше, боксшы бұрын да Таяу Шығыс елдерінен ұсыныс алған және шынымен ұтымды ұсыныс болса, Головкин онда баруға дайын.

"Геннадий - халықаралық жұлдыз. Ол "әлем чемпионы" түсінігінің анықтамасы. Егер лайықты қарсылас, жақсы ұсыныс пен промоушен болса, ол Сауд Арабиясында жұдырықтасуы әбден мүмкін. Сауд Арабиясы мен Таяу Шығыстағы өзге елдерден үлкен жекпе-жектер бойынша ұсыныс көп түскен. Бірақ біз мұндайды пайдаланбадық. Энди Хирн бұл мүмкіндікті жібермеген сияқты", - дейді Леффлер.  


  0