WBA титулына ие жеңілмеген қазақ боксшы WBO және IBF белбеулері үшін жұдырықтасады

Бокс кеші 14 тамызда өтеді.

Жартылай орта салмақта WBA Inter-Continental белбеуін қорғайтын Нұрсұлтан Жаңабаевтың (7-0, 5 КО) келесі жекпе-жегіне өзге де белбеулер тігілетін болды. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне боксшының командасынан хабарлады. 

Ақпарат бойынша, жеңілмеген аустралиялық Стив Гагоға (11-0, 4 КО) қарсы он раундты жекпе-жекке WBO Oriental және IBF Pan Pacific аймақтық белбеулері де сарапқа салынады.

Жекпе-жек 14 тамыз Аустралия астанасы Сиднейдегі ICC Exhibition Centre аренасында өтеді. Жаңабаевпен бірге бұл бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) жұдырықтасады. Оның қарсыласы аустралиялық Рокки Джеркич (17-1, 13 КО). Он раундтан тұратын бұл жекпе-жекке екінші орта салмақтағы WBA International белбеу тігіледі. 


  0