Шетелдік сарапшы Головкиннің әлем чемпионы үшін жекпе-жегі нокаутпен бітерін айтады

Ол рингтегі нағыз шайқасты күтеді.

Амеркиалық WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Сергей Деревянченконың (13-1, 10 КО) алдағы жекпе-жекте Геннадий Головкинге (39-1-1, 35 КО) қарсы қандай мүмкіндігі барын түсіндірді.

5 тамызда Халықаралық бокс федерациясы (IBF) бос қалған белбеу үшін украиналық пен қазақстандық арасында жекпе-жек белгіледі. Енді боксшылардың командалары жекпе-жек өтетін уақыт пен орынды таңдау қажет. Бұл үшін оларға 30 уақыт берілді, егер тараптар 4 қыркүйекке дейін келісімге келе алмаса, промоутерлік сауда белгіленеді.

"Бұл бір шайқас болу керек! Бұл DAZN жазылушылары үшін тамаша көрініс боларына сенімдімін. GGG жасы олардың қарсылығын теңдей етуі мүмкін. Міне сондықтан Деревянченко аздаған мүмкіндік ие. Ол мықты және дағдылары бар. Ұпай санымен жеңер, бірақ, үміт аз. Мен Головкин жеңеді деген ойдамын, мүмкін нокаутпен", - дейді ол.

The Ring Головкин - "Канело" трилогиясының жаңа уақытын атады


  0