The Ring Головкин - "Канело" трилогиясының жаңа уақытын атады

IBF белбеуіне қатысты жағдай да сөз етілді.

The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) және қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты болжамын айтты.

Головкин - "Канело" трилогиясы 14 қыркүйекте өтеді деп күтілген еді, алайда, мексикалық үшінші рет жұдырықтасудан бас тартқан.

"DAZN Головкин мен "Канелоның" үшінші жекпе-жегін қалайтыны анық. "Канелодан" кейін Головкинді PBC мен ESPN-ге бермей қағып алғандары да сол. Альварес пен Головкин - бокс элитасынан, екеуінде де жанкүйер мол және мықты қарсыластар. 2018 жылғы қарымтасы The Ring нұсқасы бойыншы жыл жекпе-жегі болды. Оның үстіне екеуі бір-бірін жақтырмайды. Бұл өзінің сюжеті бар қарсыластық және шиеленістің бір маңызды тұсы - көпшілік Головкин жеңілмейді деп есептейді. Сондықтан DAZN үшінші жекпе-жекті қалайды, бұл қызықты оқиға миллионнан аса жазылушы әкелетіні белгілі. Меніңше, бұл келесі жылы мамырда болады. Ал оған дейін бокс әлемінде адамдар түрлі өсек шығарады, ақыл айтады, таңдаған тарабын жақтайды, айыптайды, ұялтуға тырысады, қарсылықты атап өтіп, мұны дарамаға айналдыруға тырысады. Бұл бір қызық емес пе?", - деп жазыпты Фишер өз айдарында. 

IBF пен DAZN "Канелоны" Головкимен жұдырықтасуға мәжбүрлеуі жайлы:

- IBF ұйымында не болып жатқанын білмеймін, олар Сергей Деревянченконы жоғары бағалайды. DAZN Альваресті тығырыққа тірегісі келеді деп ойламаймын, бірақ, олар "Канелоның" қатысуымен үлкен жекпе-жектер ұйымдастырғысы келеді, сондықтан олар Головкинмен үшінші немесе басқа да жекпе-жекке көндіруге тырысады (Сергей Ковалевпен).

"Канело" Головкинмен Лас-Вегасета ғана жұдырықтасқысы келетіні жайлы:

- "Канело" Головкинмен жалпы 2019 жылы байланысқысы келмейді. Ол қорыққандықтан немесе басқа себептерге байланысты емес. Ол биікке шығып алып, біреудің оған бұйыра сөйлегенін қаламайды.

"Канелоның" командасы Головкинді қартайтып жібергісі келетінін жайлы:

- Мен олай ойламаймын. Тек "Канело" GGG-ден жалықты. Big drama show оны зеріктірді. Олардың жұдырықтасқаны маған да ұнағанымен, биыл көруді қаламас едім, оның үстіне GGG-дің Джонатон Бэнкспен кезекті лагерден кейінгі әлемдік деңгейдегі орта салмақ боксшысына қарсы күйін көрген қызық болады. Егер бабында болса, үшінші жекпе-жекті тамашалайық. Альварестің де әлемдік деңгейегі қарсыластар болса, биылғы жекпе-жектерін көруге қарсы емеспін", - деп жазыпты ол. 

Альварес қыркүйекте бірінші ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жұдырықтаспақ еді. Дегенмен ресейлік боксшымен келіссөздер сәтсіз болып, ол қыркүйектегі жекпе-жегін мүлде өткізбейтін болды да, рингке оралуын жыл соңына шегерді.

Головкин болса 5 қазанда IBF титулы үшін украиналық Сергей Деревянченкомен жұдырықтасады. 



  0