Головкин "Канеломен" жекпе-жек ұйымдастыра алмағаны үшін DAZN-ді сотқа бермек

Мексикалық та промоутерлеріне наразы.

Екі салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) өзінің ісін жүргізетін Golden Boy Promotions компаниясына қатысты заңгерлік амал қолданбақ, - деп хабарлайды AllBoxing.Ru.

"Канело" промоутерлік компанияның өзіне еш хабарламастан DAZN стриминг қызметіне қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жекке уәде бергеніне наразы. Осылайша, GBP мексикалықтың қарсыластар қатарын шектеген. 

Өз тарапынан Головкин де заңгерлердің қолдауымен Альвареспен үшінші жекпе-жекті уәде етіп, орындай алмаған DAZN-ге қарсы шара қолданбақ. 

Головкин - "Канело" трилогиясы 14 қыркүйекте өтеді деп күтілген еді, алайда, мексикалық үшінші рет жұдырықтасудан бас тартқан. Мұның орнына Альварес бірінші ауыр салмақта WBO чемпионы Сергей Ковалевпен жұдырықтаспақ еді. Дегенмен ресейлік боксшымен келіссөздер сәтсіз болып, ол қыркүйектегі жекпе-жегін мүлде өткізбейтін болды да, рингке оралуын жыл соңына шегерді. 

1 тамызда Альварес орта салмақтағы IBF белбеуінен айырылды. Бұл жолы да промоутерлер оның келісімінсіз жекпе-жек өткізуге уәде еткен көрінеді. 


  0