"Канело" Головкинді жеккөретіні соншалық трилогияны бұзу үшін промоутерлеріне қарсы келуі мүмкін

Қазақстандық Роллсты жеңіп, рингте тұрып Альваресті шақырған.

Америкалық The Athletic веб-сайтының белгілі журналисті Ланс Пагмайер қазақстандық Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жектің жалғыз кедергісі жайлы айтты

Алдымен Пагмайер Golden Boy президенті Эрик Гомеспен тілдескені хабарлады, ал ол өз кезегінде Альварестің қыркүйектегі жекпе-жегі әлі бекітілмегенін мәлімдеген. 




Бірнеше сағаттан кейін журналист өз мәлімет көзіне сілтеме жасап, DAZN стриминг қызметі мен Golden Boy иесі Оскар Де Ла Хойяны атап өткен твит жариялады.

"Кеше естігенім: "DAZN бұл жекпе-жекті өткізгісі келеді. Геннадий мұны қалайды, Оскар мен Эрик те. Меніңше, "Канело" Головкинді жақтырмайтыны соншалық, өзі арқылы оның табыс көргенін қаламайды... Бұл айқас әлі біткен жоқ", - деп жазыпты Пагмайер.




  0