Геннадий Головкинге Бокстың даңқ залынан орын табылды

GGG статистикасы өте жоғары.

The Ring журналының бас редакторы Дуглас Фишер орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (39-1-1, 35 КО) Халықаралық бокс даңқының залына ену мүмкіндігі туралы пікір білдірді. 

"Меніңше, Головкин және "Канело" Даңқ залына ене алады. "Канело" Флойд Мейвезер, Шейн Мозли және Мигель Котто сияқты Даңқ залына аты жазылған боксшылармен рингке шыққан және статисткиасы мықты, басты қарсыласы GGG-мен де. Қазақстандықтың титулдарды сақтау ұзақтығы, оларды қорғау саны, нокауттар сериясы мексикалық жұлдыздікімен теңдей. Танымалдылық үлкен рөл атқарады, орта салмақтың бұл екі жұлдызының рейтінгі өте жоғары екенін де білесіздер", - деп жазыпты Фишер.


  0