Боксшы "базукадан атылған оқпен" қарсыласын ұйықтатып тастады

Нокаут екінші раундта болды.

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Майкл Силс (23-2, 17 КО)отандасы Кристофер Брукерді (14-7, 5 КО) нокаутпен жеңді.

Бұл жекпе-жек Невада штатындағы Рино қаласындағы бокс кешінде өтті. Жекпе-жек он раундқа есептелген еді, алайда, екіншісінде аяқталды. 

Силс қарсыласын арқанға қысып, бірнеше соққы жасады, оның бірі дәл тиді. Басына тиген соққыдан Брукер арқанға асылып қалды.

The Sun жазуынша, сарапшылардың бірі шешуші соққыны "базука атылған оқ" деп атап үлгерді.


Тег:



  0