"Мен чемпионмын, сондықтан көреміз". Руис қарымта үшін Джошуаға шарт қойды

Джошуа үшін Русипен жекпе-жек АҚШ-тағы бірінші жұдырықтасу болды.

Тегі мексикалық АҚШ боксшысы Энди Руис британиялық Энтони Джошуамен Ұлыбританияда жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді, алайда, қарымта үшін ол 50 миллион доллар сұраған. Бұл туралы "Р-Спорт" порталы хабарлады.

2 маусым Нью-Йоркте өткен жекпе-жекте Джошуа карьерасында алғаш рет жеңіліп, Руис күтпеген жерден жеңімпаз атанды. Нокаутпен жеңілген британиялық WBA, WBO, IBF және IBO белбеулерін қорғай алмады. Жекпе-жектен кейін оның промоутері Энди Хирн келісімшартта көрсетілген қарымта мүмкіндігін бірден пайдаланған. Алайда Руис қарымта тек АҚШ немесе Мексикада өтеді дегенінен қайтпай отыр. 

"Нью-Йорк немесе Лос-Анджелесте жұдырықтасқым келеді. Келісімшартты көріп шығамын. Мен чемпионмын, сондықтан көреміз. Егер олар келуімді қаласа (Ұлыбританияға), онда 50 миллион доллар төлесін. Егер осы жерде жекпе-жек өткізгісі келсе (АҚШ), онда келіссөздерге дайынбыз", - деп келтіреді Руистің сөзін Worldboxingnews порталы Fight Hub TV арнасына сілтеме жасап.

Еске салайық, Руиспен жекпе-жек Джошуа үшін АҚШ аумағында өткен карьерасындағы бірінші кездесуі.


  0