Елеусінов титулға жұдырықтасатын бокс кешінде WBC және WBO белбеулері үшін жекпе-жек өтеді

Қазақстандық алғаш рет 10 раундты форматта өнер көрсетеді.

Бірінші орта салмақта WBO чемпионы америкалық Морис Хукер  (26-0-3. 17 KO) келесі жекпе-жегінде WBC белбеуін иеленетін отандасы Хосе Рамиреспен (24-0, 16 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек туралы Matchroom промоутерлік компнаиясы ресми мәлімдеді.

Белбеулер біріктірілетін Рамирес - Хукер жекпе-жегі 27 маусым Даллас маңындағы Арлингтонда орналасқан College Park Center аренасында өтетін бокс кешінің басты оқиғасы болады. Екі боксшы да титулдарын үшінші рет қорғайды

Мұның алдында Арлингтондағы бокс кешінде Олимпиада чемпионы - қазақстандық Данияр Елеусінов (7-0, 3 КО) алғаш рет 10 раундты форматта титул үшін жұдырықтасатыны хабарланған. Хукер мен Елеусіновтің ісін Matchroom компаниясы жүргізеді.

Елеусінов үшін алдағы жекпе-жегі АҚШ-тағы бесінші болады. 25 мамырдағы соңғы кездесуінде ол чилилік Луис Норамбуэнаны (3-2-1, 0 КО) төрешілер шешімімен жеңген.




  0