"Инстаграмдағы модель сияқты". Уорд нокаутпен жеңілген Джошуаның басты қателігін атады

Ол 2017 жылы өзі де Джошуамен жұдырықтаспақ болған екен.

P4P рейтингінің бұрынғы көшбасшысы, бүгінде бокс сарапшысы әрі комментатор Андре Уорд 2017 британиялық Энтони Джошуамен (22-1, 21 КО) жұдырықтасуға дайын болғанын айтады. Бұл туралы vRINGe.com хабарлап отыр.

Уорд британиялық боксшының Энди Руистан (33-1, 22 КО) жеңілгеніне таң қалмаған екен.

"Ол олимпиада чемпионы. Кім не десе де, Джошуа жаман боксшы емес. Бірақ дене бітімі дұрыс емес, бұлшық ет тым көп. Ауыр атлетикаға тым көп уақыт бөлінеді. Ол инстаграммдағы модель сияқты болғысы келді. Оның орнына бокспен ғана шұғылдану қажет еді. Мұны ештеңемен алмастыра алмайсың. 

2017 жылы Сергей Ковалевты екінші рет жеңген соң, мен ауыр салмаққа өтіп, Джошуамен жұдырықтасуды ойладым. Үш жекпе-жек жоспарладым да, бірақ, артынан карьерасмды аяқтау туралы шешім қабылдадым. Руиспен жекпе-жегін көрдіңіздер ғой. Әлбетте мен басқаша жұдырықтасамын, алайда, оны жеңуге болатынын білетінмін. 

Дегемен жанкүйерлер Джошуаны құрметтегенін қалайтын едім. Боксшы жеңілген кезде бірден оларға қол сермейтіні ұнамайды. Ковалевпен де солай болған. Әрине Джошуа Руисқа қарсы жекпе-жекте нашар көрінді. Дивизион көшбасшысы болса да. Иә, ол сынға лайықты. Дегенмен орынды сын бөлек те, диванда отырып алып, ауыз көпірту басқа", - дейді Уорд. 


  0