ESPN журналисті Головкин бапкерінің өзгеше жаттығу тәсілдері туралы айтып берді

Оған Джонатан Бэнкстың әдісі ұнады.

ESPN арнасының журналисті Стив Ким бапкер Джонатан Бэнкстың қазақстандық Геннадий Головкинді (38-1-1, 34 КО жаттықтыруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

GGG-дің Big Bear мекенінде орналасқан жаттығу лагеріне барған журналист, қазақстандық боксшының канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жекпе-жек алдындағы жаттығуларына жаңашылдықтар барын айтты.

"Маған Бэнкстың соққы жасатудағы жұмысы ұнайды. Оның боксшылары джеб пен оң кроссты оңға қарай бағыттайды. Кей бапкерлер алдымен сол жақты ұрғызады, содан кейін ғана оң жағын, шынын айтқанда, мұндайды ешқашан дұрыс деп ойламағанмын. Қараңыздар, қаншама боксшы басқа бір-екі соққы жасау керек кезде джебті басқа бағытқа сілтейді, содан кейін кросс та сонда кетеді. Мұның мәнісін ешқашан көрген емеспін. Сонымен бірге, Бэнкс Головкинге түрлі деңгейде соққы жасатқаны ұнайды - жоғары және төмен", - деп жазыпты Ким "Твиттер" желісінде. 

Еске салайық, GGG-дің рингке оралуы 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жоспарланған.


  0