"Ең мықтыны мүлт кетіріп, сазайын береді". Бапкер GGG іске қосқан әдістерді атады

Бапкер қазақстандықтың бір жақты панчер екенімен келіспейді.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің  (38-1-1, 34 КО) бапкері Джонатан Бэнкс Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында қазақстандық боксшымен жұмысы жайлы айтып берді. 

Бэнкс GGG-ді 2010 жылдан бері жаттықытрағн Абель Санчесті алмасытарған болатын.

Кеше Головкин Бэнкспен бірге ашық жаттығу өткізді.

- Жаттығу кезінде Геннадийге қарап отырып, оның аяғын жеңіл қозғалта бастағанын, басын да көп қозғап, соққыларды да арттырғанын байқадым. 
- Мұны байқағаныңызға қуаныштымын. Бәрі іс жүзіне асқанда бағаланады. Басын көбірек қозғап, жиірек ұрып, қозғалысы жеңілдегені рас. Бұрынғыдан қарағанда оны ұстау қиын. Геннадий бір ғана соққыға сенетін нокаутшы деңгейінен жоғары екеніне сенемін. Талантты, өз дивизионында кез келген боксшымен жұдырықтасатындай дағдысы бар. Біздің мақсат осы. 

- Өзгерткіңіз келетін негізгі жақтар қандай?
- Өздеріңіз байқаған үш тұсы - ритм, қорғаныс және жасалатын соққы мөлешірн арттыру.

- Соңғы айда қаншалықты жақсарды?
- Маған дейін қандай боғанын көрдіңіз, енді - менімен жаттықан соң көріп тұрсыз. Адамдар оның көбірек қозғалып, көбірек соққы жасап, басын қозғалтқанын байқады деп ойлаймын. Көпшілігі бұрын ондай болмағанын атап өтуде. Мені бұл қуантады. 

- Жаттығу кезінде оның күшін сезіндіңіз бе?
- Бәрі тамаша. Владимр Кличкомен де жұмыс істедім. Ол да мықты панчер. Өзара салыстыру әділсіздеу, бірақ, Геннадий өте жақсы және мықты панчер.

- Геннадиймен жету керек межелі мақсат қандай және қашан жетем деп жоспарлап отырсыз?
- Менде уақыт шектеуі жоқ. Бірақ ол қарсыластарын мүлт кетіргенін қалаймын, ритмді сақтап, мықты боксшылармен жұдырықтасқанын, ең күштісінен асып түсуін. Ең үздік жігіттерді мүлт кеткені үшін сазайын бергенін көргім келеді. Оны біржақты нокаутшы-панчер дегенмен келіспеймін. Талантын ашып, панчер ғана емес екенін көрсеткім келеді. 


  0