"Кәсіпқойға икемделу қиындау, бірақ, талантты". Амеркиалық спорт арнасының тілшісі Елеусіновті мақтады

Қазақстандық жетінші жекпе-жегінде жеңіске жетті.

ESPN арнасының америкалық белгілі журналисті Стив Ким жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) соңғы жекпе-жегіне қатысты пікір білдріді.

Өткен демалыста АҚШ-тың Оксон-Хилл қаласында Елеусінов төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен чилилік Луис Норамбуэнаны (3-2-1, 0 КО) жеңді. Бұл қазақстандықтың кәсіпқой рингтегі жетінші жеңісі. 

"Бұл Елеусіновтің жақсы жекпе-жегі деуге болады. Жақын қашықтықтан жұдырықтасудан қорықпай, іске кірісті. Әзірге кәсіпқой боксқа икемделу қиындау болып тұр, бірақ, таланты бар", - деп жазыпты Ким твиттер желісінде.




Қазақстандық боксшының менеджері Зия Алиев Елеусіновтің келесі жекпе-жегі 27 шілдеге жоспарланғанын хабарлады. Кездесу Техаста өтпек.


  0