Елеусіновтің қарсыласы жекпе-жек күні ауысып отыр

Бұл қазақстандықтың кәсіпқойдағы жетінші жекпе-жегі.

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов(6-0, 3 КО) кәсіпқой рингтегі жетінші жекпе-жегін чилилік Луис Норамбуэнге (3-1-1, 0 КО) қарсы өткізеді деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек жартылай орта салмақта өтеді және АҚШ-тың Мэриленд штатына қарасты Оксон-Хиллде өтетін бокс кешінің андеркартына белгіленген. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы WBC International титулының иегері Дэвин Хэйни (21-0, 13 КО) мен мексикалық Антони Моран( 24-3, 17 КО) жұдырықтасады.

Айта кетейік, бұған дейін Елеусіновтің қарсыласы Мигель Замудио болуы тиіс еді, алайда, Мэриленд ателтикалық комиссиясы мексикалыққа жұдырықтасуға рұқсат бермеді.

Бұл 27-жастағы Елеусіновтың АҚШ-тағы төртінші жекпе-жегі. Қазақстандық кәсіпқой рингте 2018 жылдан өнер кқрсетеді. Осыған дейін ол Ұлыбританияда екі рет, Монакода бір рет кездесу өткізген.

Норамбуэно де 2018 жылдың тамыздан кәсіпқой рингте жұдырықтасады.

Елеусінов пен Норамбуэно жекпе-жегі Астана уақытымен мамырдың 25-нен 26 қараған түні өтеді және Қазақстанда тікелей көрсетіледі.




  0