Данияр Елеусінов АҚШ-тағы жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Қазақстан астанасыың уақытымен көрсетілім жексенбіде басталады.

"Хабар" арнасы қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегін (6-0, 3 КО) тікелей көрсетеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Оксон-Хиллде (Мэриленд штаты, АҚШ) өтеді. Қазақстан уақытымен трансляция 26 мамыр таңғысын көрсетіледі. Басталуы шамамен 06:00-ден 08:00-ге дейін. 

28 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО).

Жекпе-жек форматы сегіз раунд.


  0