"Данияр кардта, бәрі дұрыс". Елеусіновтің командасында мексикалыққа қарсы жекпе-жектің өтетінін растады

8 раундты жекпе-жек 25 мамырға белгіленген.

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (6-0, 3 КО) менеджері Зия Алиев Vesti.kz тілшісіне Олимпиада чемпионының 25 мамыр Оксон-Хиллде (Мэриленд штаты, АҚШ) өтетін бокс кешінде жұдырықтасатынын растады.

Сегіз раундты жекпе-жекте қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) болады.

"Данияр кардта. Қарсылас бекітілді - Мигель Замудио. DAZN-нен маған қағаздар келді - кім және нешеде шығатыны. Данияр осы тізімде. Бәрі жақсы", - дейді Алиев.

Еске салайық, мұның алдында Данияр Елеусінов басқа шоуда - 8 маусым Нью-Йоркте өтетін Головкин-Роллс жекпе-жегінің анедркардында жұдырықтасады деп жоспарланған еді. Олимпиада чемпионы он раундты фрматта алғашқы кездесуін өткізу керек еді, алайда, жекпе-жек өтпейтін болды. 

Елеусінов Головкинмен арадағы келіспеушілікке қатысты соңғы сөзін айтты


  0