"Қазақ емесіне сенімідісіңдер ме?" - журналист P4P рейтингіндегі "Құбыжықтың" сұмдық жеңісі жайлы

Боксшыны Геннадий Головкинмен салыстырды.

Жеңіл салмақта Бүкіләлемдік бокс суперсериясының (WBSS) финалына шыққан жапониялық Наоя Иноуэ қарсыластарының жүрегіне қазақстандық Геннадий Головкин сияқты қорқыныш ұялатады. Тhecomeback.com журналисті Джейсон Лангендорф осындай пікір білдірді.

P4P рейтингіндегі "Құбыжықтың" нокаутпен жеңісін талдай отырып, сарапшы келесідей сұрақ қойды: "Мына жігіттің қазақ емесіне сенімдісіңдер ме?"

"Головкинді бірінші көргенде - қазақтың мейірімді баласы, күліп тұрып қиратушы және адам шошыр Тайсон, Дюран, Форман және Листон ізбасары деген ой түйгем - Иноуэні көргенде де осындай сезімде болдым.

Осы сенбіде Эммануэль Родригес DAZN трансляциялаған Иноуэге қарсы жекпе-жекте арқасын тіктеп барып, серейіп түскенде, "Құбыжық" адам бейнесінде оның жанын алып кетуге келгендей көрінді. 

Бір сәтке: Родригес (19-1, 12 КО) сондай бір осал емес. Ол сенбідегі Бүкіләлемдік бокс суперсериясының жеңіл салмақтағы біріктірілген жартылай финалына Пуэрто-Рикодан жеңілмеген, салмақты титул иегері ретінде келді. Бірақ Иноуэ (18-0, 16 КО) - мүлде басқа жыртқыш. Иноуэ қарсыластарын үрейлендіреді", - деп жазыпты Лангендорф өз мақаласында.


  0