Екі кәсіпқой бір-бірін бір уақытта нокдаунға түсірді

Олар бұған дейін де бір-бір құлап алған.

Екінші орта салмақта өнер көрсететін кубалық Иросвани Дювергель (5-0, 3 КО) және америкалық Джерхед Фендерсон (5-10, 2 КО) жекпе-жегінде қызықты оқиға болды.

Боксшылар 10 мамыр Голливудтағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino қонақүйінде өткен бокс кешінде жұдырықтасты. Үшінші раунд соңында екі боксшы да соққы алмаса бастайды, осы сәтте екі кәсіпқойдың да соққысы бір-біріне дәл тиеді. 

Дювергель ринг аспаларына құлап, жылдам аяққа тұрып кетеді. Фендерсон қарсыласынан ұзағырақ жатады да, төреші есептей бастағанда көтеріледі. 



Бұл нокдаунға дейін де боксшылар бір-бірін кезекпен құлатқан болатын. Жекпе-жек төрешілер шешімім бойынша Фендерсон жеңісімен аяқталды.

Тег:



  0