"Екі рет жеңді". Головкинмен ат кекілін үзіскен Абель Санчес "Канеломен" жекпе-жекте кім жеңгенін айтты

Бапкер трилогияның орнына қатысты да ойын айтты.

Орта салмақта әлем чемпионы болған Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшы мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) арасындағы үшінші жекпе-жекке қатысты ойын айтты. 

Боксшылар Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылы қыркүйекте тең аяқталды, ал бір жыл өте Альварес төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, Головкин карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айрылды.

Екі жекпе-жекте де Головкиннің бұрышында Санчес болды. Биыл сәуірде қазақстандық боксшы 2010 жылдан бері бірге жұмыс істеген бапкерінен кететінін мәлімдеді. 

"Меніңше, Геннадий "Канелоны" екі рет жеңді. Үшінші рет олай істей алмауына себеп жоқ. Онымен Лас-Вегаста жұдырықтаспайды деген үміттемін, егер бас тарта алмайтындай ұсыныс жасамаса. "Канелоның" Лас-Вегаста артықшылығы бар сияқты. Сондықтан олар қайта жұдырықтасатын болса, жекпе-жек басқа жерде болғаны дұрыс, сонда GGG алдында екі рет жеңгендей қайтадан басым болады", - деп келітреді Санчесстің сөзін K.O. Artist Sports.


  0