WBA Шүменовке қатысты мәлімдеме жасады

Мұның алдында қазақстандық "уақытша" чемпионмен жұдырықтасуға міндеттелген еді.

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) ұйымның бірінші орта салмақтағы "қарапайым" чемпионы қазақстандық Бейбіт Шүменовке (18−2, 12 КО) қатысты мәлімдеме жасады.

Жыл басында WBA Шүменовті "уақытша" чемпион - тегі армяндық француз Арсен Гуламирянмен (24−0, 16 КО) жұдырықтасуға міндеттеді. Ақпан ортасында ұйым промоутерлік сауда өткізді, оны Шүменовтің ісін жүргізетін Дон Кинг ұтып алған.

Жекпе-жектің өзі 11 мамырға белгіленді. Шүменов - Гуламирян жекпе-жегі өтетін орын ретінде Монако, Қазақстан астанасы және Нью-Йорк айтылды.

"Бейбіт Шүменов 2018 жылы 7 шілдеде Хизни Алтункаяны жеңіп, бос болған белбеуді иеленді. 2019 жылы 28 қаңтарда Чемпиондық комитет Шүменов - Гуламирян титулды жекпе-жегінің промоутерлік саудасын белгіледі. Don King Productions сауданы жеңіп алып, жекпе-жек 11 мамырға белгіленді. 2019 жылы 10 мамырда Don King Productions Шүменов денсаулығына байланысты, титулды қорғай алмайтынын, тіпті жаттыға алмай жатқанын хабарлады. Қазір Шүменов "демалыстағы чемпионы" деп жарияланды, - делінген WBA сайтында жарияланған хабарламада.


  0