"Жақында кездесеміз". Әлімханұлы Головкин салмағындағы чемпионды ескертті

Сәуірде қазақстандық екі титул жеңіп алған.

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (6-0, 2 КО) твиттер желісінде қызықты хабарлама жазыпты, - деп хабарлайды Vesti.kz

Әлімханұлы орта дивизиондағы WBO рейтингінің скриншотын жариялаған екен, бұл тізімде ол 15-ші тұр. Сурет астына "Жақында кездесерміз" деп жазып америкалық Деметриус Андрадені (27-0, 17 КО) белгілепті.




"WBO-ның ТОП-15 рейтингіндегі боксшылармен жұдырықтсқым келеді. Тізім бойынша жоғарлап, әлем чемпиондығына үміткер атанам. Міне менің мақсатым", - деп жазыпты боксшы.

Айта кетейік, Андарде орта салмақта WBO чемпионы. Маусымда америкалық польшалық Мацей Сулецкимен (28-1-0, 11 КО) жекпе-жек өткізіп, белбеуін қорғайды.

25 жастағы Әлімханұлы соңғы рет 12 сәуір Лос-Анджелестегі Staples Center аренасында жұдырықтасты. Қазақстандықтың қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-4, 13 КО) болды. Жекпе-жек толық он раунда өтіп, Әлімханұлы төрешілер шешімімен жеңді. Осылайша, жерлесіміз WBO Global және WBC Continental Americas белбеуін иеленді.

Орта салмақта қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) де өнер көрсетеді. Карьерасында ол WBC, WBA (Super), IBO және IBF белбеулерін иеленген, алайда, абсолют чемпион атану үшін дәл осы WBO титулы жетпеген еді. 


  0