Головкиннің бірінші бапкері Елеусіновтің GGG андеркартында шықпайтынына қатысты ойын айтты

Ол кәсіпқой бокс - бизнес екенін атап өтті.

Геннадий Головкиннің бірінші бапкері Виктор Дмитриев Vesti.kz тілшісіне GGG-Роллс анедеркартында Данияр Елеусіновтің кірмей қалуына байланысты айтқаны БАҚ-та дұрыс жеткізілмегендіктен ыңғайсыз жағдайға қалғанын айтты.

Бүгін спорт туралы жазатын порталдардың бірі Дмитревтің сөзін Елеусіновтің Головкин андеркартында шықпауын сынады деп жариялаған болатын. Бапкер Елеусіновтің командасы Головкинге кінәләп отырғанын білмеген де екен. 

"Менен Головкиннің анедркартында Елеусінов шықса қалай болады деп сұрады. Мен тамаша болатын еді дедім, өйткені ол да қазақстандық боксшы. Головкинді айыптау жайында ешқандай сөз естімеген едім. Балаларды жаттықтырам, оларда не болып жатқанын қайдан білем? Оған уақытым да жоқ. 

Елеусінов неге анедркартта шықпайтынын білмеймін. Онда шығуды жоспарлағанын да естімегенмін. Кәсіпқой бокс бірінші кезекте бизнес екенін түсіну қажет. Оның үстіне осындай жоғары деңгейде", - дейді Дмитрев. 

"Тәрбиеленушілеріме Головкинді үнемі үлгі етемін. Жақсы боксшы ғана емес, мықты тұлға ретінде де", - деп атап өтті GGG-дің бірінші бапкері.


  0