Абель Санчес Головкиннің жаңа бапкері туралы ойын айтты

Мамамн қазақстандыққа Роллспен жекпе-жекте сәттілік тіледі.

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бұрынғы бапкері Джонатан Бэнксті жоғары бағалады.

Абель Санчес GGG-ге канадалық Стив Роллсқа қарсы жекпе-жекте сәттілік тіледі.

"Роллспен жекпе-жекте сәттілік тілеймін, оның бұрышында мықты маман. Осы оқиғалардың бәрі оның ойын бөлмейді деген үміттемін. Бэнкстің ең мықты тұсы үлкен жекпе-жектерде еңбек еткендігінде. Ол қорықпайды. Владимир Кличкомен қаншама кездесу өткізді? Бес-алтау шығар? Кличконың жекпе-жектері - өте үлкен оқиғалар. Эмануэль Стюартпен катмен ретінде жұмыс істегенмін, Кличко Мормекпен жұдырықтасқанда. Ол аренада 55 мың көрермен болды. Сондықтан Бэнксты үлкен кездесулермен қорқыта алмайсың. Геннадий тәжіриелі маманмен жаттығады. Джонатан - кәсіпқой әрі тәжірибелі бапкер, - деп келтіреді Санчестің сөзін The Ring Digital.

Карьерасындағы алғашқы жеңілістен кейін Головкиннің бұрынғы бапкерінен тағы бір боксшы кетіп қалды

Еске салайық, Головкин ары қарай Санчеспен жұмысын тоқтататыны туралы сәуірде мәлімдеген.


  0