Карьерасындағы алғашқы жеңілістен кейін Головкиннің бұрынғы бапкерінен тағы бір боксшы кетіп қалды

Соңғы айда бұл үшінші жағдай.

Тағы бір кәсіпқой боксшы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бұрынғы бапкері Абель Санчестің жаттығу лагерін тастап кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жартылай орта салмақта жұдырықтасатын америкалық Алекс Сауседо (28-1, 18 КО) бұрын жеңілмеген боксшы болатын. Былтыр қарашада WBO белбеуі үшін жекпе-жекте ол отандасы Морис Хукерден нокаутпен жеңілді. 

Еске салайық, Головкин ары қарай Санчеспен жұмысын тоқтататыны туралы сәуірде мәлімдеген. Қазір ол америкалық Джонатан Бэнкспен жаттығады. 

Головкиннен бұрын Санчестен аса ауыр салмақтағы британиялық проспект Джо Джойс (8-0, 8 КО) кеткен болатын. Абельдің жаттықтыруымен ол үш жекпе-жек өткізіп, біреуінде титул жеңіп алған еді. 




  0