Головкиннің кез келген жекпе-жегі қызықты - Левитті даулы шешіммен жеңген ресейлік боксшы

Ол қазақстандықты жеке танитынын айтады.

Рио-2016 Олимпиадасының чемпионы, ауыр салмақта жұдырықтасатын ресейлік бокшы Евгений Тищенко (4-0, 2 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жекпе-жегінен не күтетінін айтты.

"Роллс - жеңілмеген боксшы, бұл қалай болса да қызық. Головкиннің кез келген жекпе-жегі қызықты. Оның өз жанкүйерлері бар, бұл кездесуді тамашалаймын. Оны жеке танимын, сондықтан маған қызық", - деп келтіреді Тищенконың сөзін vringe.com.

Еске салайық, Тищенко қазақстандық бокс сүйер қауымға 2016 жылғы Олимпиаданың финалында Василий Левитті жеңгенімен белгілі. Төрешілер шешімін Риодағы көрермендер шу шығарып жақтырмады, бір қызығы оларға Левиттің өзі басу айтып жүрді.

Головкин-Роллс кездесуі 8 маусым Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өтеді. Бұл жекпе-жек қазақстандық үшін жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің жетекшілігімен және DAZN платформасы аясында дебюттік болады.


  0