"Канело" Головкинсіз де табыс табады, бірақ...". Британиялық журналист орта дивизионның басты жұлдызын атады

Ол GGG үшін де қызықты болатын боксшыларды атады.

Мексикалық Сауль "Канело" Альварес орта салмақтың басты жұлдызы, бірақ, қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жек қана оған ең жоғары табыс әкеледі. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында MMA Plus сайтының британиялық журналисті Бен Смит айтты. Сонымен бірге ол GGG үшін де қомақты қаржы әкелетін боксшыларды атады.

"Головкинге үлкен әрі қызықты жекпе-жектер қажет, алайда, олай болмай жатыр. Роллс адамдар көргісі келетін қарсылас емес. GGG Смит, Андраде, Джейкобс немесе "Канело" сияқты боксшылармен жұдырықтасқаны қызықтырар еді.

"Канело" кез келген қарсыласпен табыс көреді және GGG-мен жұдырықтаспауына болады. Алайда "Канело" ең үлкен гонорарды Головкинмен жұдырықтасып қана алады. Трилогия өтетін болса, мексикалық басты болады. Ол дивизионның басты ойыншысы және жұлдызы. "Головкин - "Канело" - бұл ең тартымды жекпе-жек. Олардың қарсылығымен ештеңені салыстыра алмайсың", -  деп атап өтті Смит.




  0