Елеусінов жекпе-жек күнін қайтадан ауыстырып, Головкиннің андеркартында жұдырықтаспайтын болды

Олимпиада чемпионы рингке ертерек оралады.

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусинов (6-0, 3 КО) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) канадалық Стив Роллсқа (19-0, 10 КО) қарсы жнекпе-жегінің анедркартында жұдырықтаспайды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олимпияда чемпионы жекпе-жек күнін қайтадан өзгертті, бұл туралы ол Instagram желісі арқылы хабарлады.

"25 мамыр, Мэриленд", - деп жазыпты Елеусінов.



Еске салайық, қазақстандық бастапқыда осы күні жұдырықтасатын болған. Алайда кейін Елеусіновтің менеджері Зия Алиев GGG 8 маусымда жұдырықтасатын Madison Square Garden аренасында жекпе-жек өткізу туралы хабарлаған. 

Айта кетейік, Головкин - Роллс жекпе-жегінің ресми кардында Елеусіновтің рингке шығатыны құлақтандырылмады.

Олимпиада чемпион Елеусінов Усик андеркартынан бас тартып, Головкин кешінде жұдырықтасады


  0