"Миллиардтық жоба" Головкин - "Канело" трилогиясының уақытын атады

Боксшылар екі рет Лас-Вгеаста жұдырықтасты.

Белгілі британиялық промоутер Эдди Хирн орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) күзде қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасады деген пайым жасады.

Matchroom Boxing директорының сөзінше, үшінші жекпе-жекте Альварес жеңеді. Хирннің пайымынша, осыдан кейін мексикалық екі боксшының бірін таңдайды - абсолют атану үшін WBO чемпионы Деметриус Андраде (27-0, 17 КО) немесе екінші орта салмақта WBA белбеуіне ие Каллум Смитке қарсы өзін жаңа салмақта сынап көреді. 

"Альварестің келесі қарсыласы Головкин болады деген ойдамын, егер ол 8 маусымда жеңіске жетсе. Бізбен жұмыс істейтін тағы екі жігіт Каллум Смит және Деметриус Андраде. Каллум Смит 168 фунтқа дейінгі салмақта үздік және The Ring журналының тұжырымынша чемпион. Канело - орта салмақта әлемде бірінші.

Ал Деметриус Андраде абсолют атанудың жетпей тұрған бөлшегі. Бұл екі жекпе-жек те маңызды, сондықтан екеуі де 2020 жылы өтетін шығар. Шынымен солай ойлаймын".

Еске салайық, Хирн былтыр стриминг қызметімен миллиард долларға келісімшарт жасасты. Ол бойынша промоутер жылына 32 жекпе-жек өткізу міндет. 


  0