"Флойдтың өзі қошемет білдірді". Қазақстандық боксшы Мейвезердің залындағы жаттығулар туралы

Қазақстандық осы жылы әлем чемпионы атанбақ ниетте.

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров (22-0, 15 КО) британиялық MTK Global компаниясымен келісімшартқа отырғанына байланысты ойымен бөлісті.

Тұраровтың рингке оралуы 1 маусымға белгіленген. Қазақстандық Крдиффтегі Vale аренасындағы бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады, қарсыласы кейін белгілі болады. Шоу белгілі IFL TV YouTube арнасынан және ESPN+ қосымшасынан көрсетіледі.

"Әлем чемпионы боламын. Бұл менің осы жылғы, ары кеткенде келесі жылғы мақсатым. Бұған дайынмын. Барымды салып жаттығып, көп еңбектеніп жатырмын. Әлемдегі ең ірі менеджерлік компанияның бірімен келісімшартқа отырдым. Олардың байлапнысы арқылы бүкіл әлемде жұдырықтаса аламын. Олар қазақстандық боксшыларға үлкен үмкіндіктер береді. 

АҚШ-та үш жыл тынымсыз жаттықтым, Роджер Мейвезердің залында. Тамаша спарринг серіктерім болды, Флойд Мейвезердің өзі маған қол шапалақтап, қошемет білдірді, супер жұлдыз болатынымды айтты. Қазір менде MTK Global-мен ұтымды келісімшарт бар. Мені жақсы уақытқа белгілейді және осы жазда шоудың хедлайнері боламын", - деп келтіреді Тұраровтың сөзін MTK Global компаниясының баспасөз қызметі. 


  0