Промоутер Головкин DAZN-дегі алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалуы мүмкін екенін айтады

GGG рингке 8 маусымда шығады.

Қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер келесі жекпе-жекке қарсылас таңдау бойынша айтылған сынға жауап берді.

Головкин келесі кездесуін 8 маусымда Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізеді. Бұл жекпе-жек қазақстандық үшін жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің жетекшілігімен және DAZN платформасы аясында дебюттік болады.

"Головкин екі рет MSG-де тамаша шоу жасады. Жанкүйерлер оны рингте көргісі келеді. Стив Роллс жеңілмеген және жаңа деңгейге көтерілуге құштар. DAZN келісімшарт осындай жекпе-жектер үшін жасалды. Не десе де, бұл жекпе-жектің мәнісі бар. 

Стив Роллске құрметімізді білдіреміз. Бұл жекпе-жекке еш мүдірместен келісті. Стив пен оның командасы - нағыз кәсіпқойлар. Олар бұл оқиғаның қаншалықты маңызды екенін түсінеді. 

Бүгін ол жай ғана Стив Роллс, бірақ, ол Геннадий Головкинді жеңген жігіт атануы мүмкін", - деп келтіреді Леффлердің сөзін Worldboxingnews.net.


  0