Батыр Жүкембаевтың мексикалыққа қарсы жекпе-жегі Қазақстанда тікелей көрсетіледі

Бұл оның кәсіпқойдағы 16-шы кездесуі.

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаевтың (15-0, 12 КО) мексикалық Луис Хесус Видалеске (13-6, 6 КО) қарсы жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алғашқы орта салмақтағы кездесу 17 мамыр Монреальдағы бокс кешінде өтеді, кездесу форматы он раунд. Астана уақытымен жекпе-жек 18 мамыр "Хабар" арнасынан 7:00-де тікелей эфирде көрсетіледі. 

"Бір қадам шегінбейм, артымда елім - Қазақстаным тұр". Нокаутшы Жүкембаев АҚШ-та жұдырықтасу жоспары жайлы

Мұның алдында Жүкембаев Golden Boy промоутерлік компаниясымен келісімшарт жасасуға жақын екенін айтқан. Айта кетейік, бұл компания орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBO чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (52-1-2, 35 КО) ісін жүргізеді.

28 жастағы Жүкембаев кәсіпқойдағы алғашқы жекпе-жегін 2015 жылы Канадада өткізді. 16 наурыздағы соңғы кездесуінде ол мексикалық Хильберто Месаны (10-6-1, 6 КО) төрешілер шешімімен жеңді. 

30 жастағы Видалес кәсіпқой рингте 2011 жылдан бері жұдырықтасып келеді, ал Джүкембаевпен жекпе-жек оның Мексикадан тыс алғашқы кездесуі.


  0