Нокаутшы Тұраровтың рингке оралатын күні мен жекпе-жегі өтетін орын белгілі болды

Боксшы бұл елде алғаш жұдырықтасады.

Жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров (22-0, 15 КО) келесі жекпе-жегін 1 маусымда өткізеді. Бұл туралы боксшы сәуірде келісімшартқа отырған британиялық MTK Global компаниясы хабарлады.

Тұраров Крдиффтегі Vale аренасындағы бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады, қарсыласы кейін белгілі болады. Сонымен бірге, бұл шоуда қазақстандық Сұлтан Заурбек (6-0, 4 КО) те шаршы алаңға шығады. Шоу белгілі IFL TV YouTube арнасынан және ESPN+ қосымшасынан көрсетіледі. 

Бұл Тұраровтың Ұлыбританиядағы алғашқы жекпе-жегі болмақ. Мұның алдында ол АҚШ, Доминикан Республикасы және Колумбияда жұдырықтасқан

Соңғы рет Тұраров 2017 жылы қыркүйекте жұдырықтасып, төрешілер шешімімен Бруно Леонардо Ромеоны (21-7, 18 КО) жеңді.



  0