"Нүкте қою керек". Альварестің промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жек жайлы

Қарымтада мексикалық төрешілер шешімімен жеңді.

Орта салмақта WBC, WBA (Super) және IBF чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (52-1-2, 35 КО) ісін жүргізетін Golden Boy промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек өткізуге мүдделі екенін айтты.

Боксшылар осыған дейін екі рет - Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында жұдырықтасып, қарымтада Головкин карьерасында алғаш рет жеңіліп, белбеулерінен айырылды.

"Екі боксшы да үшінші рет жұдырықтасқысы келеді деп ойлаймын. Головкин де тарихқа сенетін боксшы, "Канеломен" нүкте қоймай бокстан кетуге оның ары жібермес. 

Головкинді ұлы чемпион еткен осы - ол мықтылармен жұдырықтасқысы келеді, ішінде жалыны бар, ол демалысқа кетуге мұрсат бермейді. "Канелоны" жеңеріне аздаған мүмкіндігі барында ол кетпейді", - деп келтіреді Гоместің сөзін Sky Sports.

Айта кетейік, боксшылар осыған дейін екі рет кездескен болатын - Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да.


  0