"Кличко да оны осы үшін таңдаған". Сарапшы Головкиннің жаңа бапкерінің бағасын берді

Ол GGG-ді маусымдағы жекпе-жегіне жаттықтырады.

Белгілі BoxingScene.com порталының шолушысы Стивен Эдвардс қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері болған Джонатан Бэнкске қатысты пікір білдірді.

Бэнкс Головкин 2010 жылдан бері жатығып келген Абель Санчестің орнын басты.

"Бэнксте жоғары деңгейдегі тәжірибе бар. Оның Эмануэль Стюард сияқты ұлы ұстазы болған. Боксты біледі. Владимир Кличко оны бір ғана себеп үшін таңдады, Головкин де.

Ал себеп Головкин өз жасында азырақ күш жұмсап, көбірек мүмкіндікке қол жеткізгісі келеді. Ол бір раундта 70 күшті соққы жасай алмайды. Ол сұмдық боксшылармен күн ара жұдырықтаса алмайды. Ол Бэнксты таңдағанда, мен өзіме - бұл жақсы дедім. 

Бэнкс - өткірлігі бар жақсы бапкер. Оның соққы жасаудағы жұмысы ұнайды, ол ырғақты джеб пен күштірек оң қолға басымдық береді. Эмануэль Стюардтың көптеген бапкерлері осы философия бойынша еңбек етеді. Джейкобс пен "Канелоға" қарсы GGG тек күшті джеб қана ұра алды. Осы кезде оның қуаты семе бастады. Головкиннің қолы тастай ауыр. Ол күшпен ұрған адамын күл-талқан етеді", - дейді автор өз айдарында. 


  0