Головкин-Роллс бокс кеші андеркартында титулды жекпе-жек өтеді

Шоу ү маусым Нью-Йоркте болады.

8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО), жекпе-жегінің андеркарты тағы екі боксшымен толықты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, бұл шоу аясында америкалық боксшылар Чарльз Конуэлл (9-0, 7 КО) және Скендер Халили (16-2, 13 КО) жартылай орта салмақтағы USBA белбеуі үшін жұдырықтасады.

Осылайша, қазір андеркартта өнер көрсететін екі жұп белгілі. Бірінші жұп жартылай орта салмақта өнер көрсететін америкалық Брайан Себальоның (8-0, 4 КО) қарсыласы өзінің отандасы Джонатан Стилл (9-3-1, 6 КО) болады, соңғысы мұның алдындағы жекпе-жекте қазақстандық Бобиржан Моминовтан (10-0, 8 КО) жеңілген. Себальо мен Стил 8 раундты жекпе-жек өткізеді.

Еске салайық, бұл бокс кешінде жеңілмеген қазақстандық Али Ахмедов (14-0, 10 КО) те жұдырықтасады. Оның ісін GGG Promotions компаниясы жүргізеді. Андеркарттағы тағы бір боксшы америкалық Марио Рамос (8-0, 7 КО). Ахмедов пен Рамостың қарсыластары әзірге анықталған жоқ.


  0