Головкиннің прмоутері "Канеломен" трилогияға қатысты DAZN жоспарын ашып айтты

Қазақстандық Джейкобспен де қарымта өткізуі мүмкін.

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) промоутері Том Леффлер алдағы Стив Роллспен (19-0, 10 КО) жекпе-жекте қазақстандықтың мойнында ауыр жүк тұрғанын айтады.

Оның сөзінше, DAZN стриминг қызметімен келісімшарт Роллс сияқты қарсыластармен кездесулер үшін емес, Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) трилогиясы немесе америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-3, 29 КО) қарымта тектес үлкен жекпе-жектер үшін жасалған.

"Головкин мен Бэнкс мойнына ауыр жүк түсіп тұр, өйткені 8  маусымда тамаша жекпе-жек көрсету керек. Роллс жеңіліп көрмеген және атын шығарғысы келеді. Сондықтан ол жопспарларды күл-талқан етуі мүмкін. Геннадийдің жоспары "Канеломен" қарымта. Алайда GGG Роллспен жекпе-жекте жарқырамаса, қарымтаны көрмейді. Головкин -  сұранысқа ие боксшылардың бірі. Энтони Джошуа, Сауль Альварес және Геннадий ound-for-pound рейтингінің бірінші ондығында болғанымен ғана емес, жақсы өтімділігімен де ерекшеленеді. 

Роллсты жеңіп, трилогияға деген нақты қадамдар жасау жоспары бар. Головкин мен Альварестің DAZN қызметімен келісімшарты Стив Роллс және Рокки Филдингке қарсы жекпе-жектер үшін жасалан жоқ. DAZN "Канело" - Головкин трилогиясы, сондай-ақ GGG мен Джейкобстың қарымтасын көргісі келеді. Міне сондықтан Головкин мойнында ауыр жүк тұр. Роллспен жекпе-жекте өзін тамаша көрсету қажет", - дейді Леффлер IFL TV арнасына берген сұхбатында.




  0