"Мені кінәлайтын болады". Головкиннің бапкері "Канелоны" жеңу жолын білетінін айтты

Ол Абель Санчес туралы ойын айтты.

Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) жаңа бапкері Джонатон Бэнкс қазақстандық боксшының жаттықтырудан не күтетінін айтты, - Vesti.kz.

GGG бапкерін 4 мамыр таныстырды.

Бэнкстың сөзінше, ол мұндай дәрежедегі боксшымен жұмыстың бар ауыртпалығын түсінеді. 

"Қазіргі жағдай Владимир Кличконы жаттықтырған кездерді есіме салады. Онымен 2012 жылдан бастап жұмыс істедім, ол жеңіске жеткенде ешкім менің еңбегімді байқамады, ал ол жеңіле сала мені бірінші айыптды. Головкинмен де солай, бір нәрсе дұрыс болмаса, мені кінәлайтын болады. Дегенмен Головкинмен жұмыс істеуге қуаныштымын", - дейді ол Behind The Gloves арнасына берген сұхбатында.  

Бэнкстің ойынша, Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) екі жекпе-жектегі Головкиннің қателігі - жеткілікті деңгейде белсенділік танытпауы. 

"Төрешілердің көпшілігі белсенділікке назар аударады, оның соққылары дәл болмаса да, көбірек ұрған адамға ұпай береді. Головкиннің күшімен, ол көбірек соққы жасайтын болса, қарсыласына да зиян көбірек болады. Абель Санчесті сыйлаймын, бокстағы ең мықты бапкерлердің бірі. Оның жетістіктерін бағалаймын, бірақ, мен Головкин қалай мықтырақ бола алатын және титулдарды қайтару жолын білемін", - дейді Бэнкс. 


  0