"Канелоның" Головкин және Джейкобспен жекпе-жек алдындағы әрекеттері видеода салыстырылды

Мексикалықтың салмағы да назардан тыс қалмады.

Artorias Boxing YouTubе арнасы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) және америкалық Дэниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жекпе-жек алдындағы жағдайы салыстырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Нақты айтқанда видеода мексикалықтың рингке шығардан бір тәулік бұрынғы салмағы салыстырылды. Осылайша, ол GGG мен де, Джейкобспен де жекпе-жек алдында тура сол салмақты көрсетті. 

Сонымен қатар, көзарбасу кезіндегі жанжалдар да видеодан тыс қалмады. 

Альварес - Джейкобс жекпе-жегі 4 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасындағы бокс кешінің басты оқиғасы болады. Қазақстан астанасының уақытымен кездесу 5 мамыр таңғысын өтеді.



  0